"Латын Америка елдерімен қатынасты нығайтамыз"

Чавушоғлу наурыз айында кейбір Латын Америка елдеріне баратынын мәлімдеді.

1765629
"Латын Америка елдерімен қатынасты нығайтамыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу наурыз айында кейбір Латын Америка елдеріне баратынын мәлімдеді.

Чавушоғлу Анкара университетінде Латын Америкасы елдерінің елшілері және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Достық тобының төрағаларымен жұмыс кездесуін өткізді.

Осында сөз сөйлеген Чавушоғлу Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты дамытуға өте қуанышты екендерін білдірді.

"Наурызда біз Латын Америкасы бойынша сапарға шығамыз, сапарымыз бірнеше елді қамтиды. Бразилиядан шақыру келді,  оңтүстіктен бастап, Орталық Американың 4-5 еліне барамыз. Байланысымызды одан әрі нығайтамыз. Әріптестерімізбен және  егер олар келіссе, көшбасшылармен қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту үшін маңызды келіссөздер болады деп үміттенеміз» деді министр.

Латын Америка аймағындағы халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта болғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу Орталық Америка интеграция жүйесіне  (SICA) байланысты келесі кездесуді Түркияда көшбасшылар деңгейінде өткізуді қалайтындарын білдірді.

Ол Түркияның Латын Америка аймағындағы өкілдік санын 17-ге, ал Латын Америка елдерінің Түркиядағы елшілік санын 16-ға жеткізгенін еске салды.

Чавушоғлу Түркия мен Латын Америка аймағы арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың алға жылжуы және саудадағы кедергілердің жойылуы керектігіне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар