6 мың 370 террорист залалсыздандырылды

2018 жылы 20 қаңтарда басталған операцияларда Түрік Қарулы Күштері тарапынан 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды.

1765708
6 мың 370 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы Күштерінің Сириядағы "Зәйтүн бұтағы" операция аймағында 2018 жылы 20 қаңтардан бері 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің елдің оңтүстігінде құруға талпынылған террор дәлізін күйрету, PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарын жою, аймақ халқын зұлымдықтан құтқару және шекараның қауіпсіздігін қамдау үшін 4 жылдың алдында "Зәйтүн бұтағы" операциясын бастағаны ескертілді.

Мәлімдемеде:

"Түркияның халықаралық құқықты қамтыған заңды күрес құқығы аясында 2018 жылы 20 қаңтарда басталған операцияларда Түрік Қарулы Күштері тарапынан 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды. 1859 километр алаңның қауіпсіздігі қамдалды,террористер аймақтан тазаланғаннан кейін мина мен жарылғыш заттарды тазалап, өмірді қалыпқа түсіру жұмыстары жасалды" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар