Сирияда 7 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1764994
Сирияда 7 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасап кіруге әрекет жасаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 7 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Тыныштық пен қауіпсіздікті бұзғысы келетін террористтермен күресіміз жалғасуда. «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуылдап, кіруге әрекет жасаған 7 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылды» делінді.

Екінші жағынан көндіру жұмыстары нәтижесінде террор ұйымы PKK-дан қашқан тағы бір адам қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда ұйым мүшесінің 2019 жылы террор ұйымына қосылғаны және Сирияда әрекет жасағаны анықталды.

Үстіміздегі жылы көндіру арқылы берілген ұйым мүшелерінің саны 4-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар