Ердоған бірнеше апта ішінде Украина президентімен кездеседі

Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның бірнеше апта ішінде Украинаға барып Владимир Зеленскиймен кездесетінін мәлімдеді.

1765117
Ердоған бірнеше апта ішінде Украина президентімен кездеседі

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның бірнеше апта ішінде Украинаға сапарлай баратынын және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін мәлімдеді. 

Калын  Ресей мен Украина арасындағы дағдарыстың Еуропа және НАТО-ға болатын ықпалы тақырыбында өткізілген сессияға қатысып сөз сөйледі. 

Ибрахим Калын Ресейдің Украинаға қарсы бір әскери операциясының нәтижесінің өте жаман болатынын баяндап, Түркияның мәселенің шешімі үшін әртүрлі рөл ойнауға дайын екенін айтты. 

Тақырыптың талай уақыттан бері күн тәртіпте болғанына және дағдарыстың ушыққанына назар аударған Калын Түркияның да оқиғаларды қадағалап отырғанын атап өтті. 

Түркияның Украинада немесе Ресей мен Украина арасында әрқандай бір әскери операция немесе соғыс қаламағанын түсіндірген Калын "Украинаның территория тұтастығына, саяси егемендегіне және әлеуметтік бірлігіне толыққанды түрде қолдау жасаймыз" деді. 

Анкараның жаңа бір соғыс қаламағанын, Сирияда, Иракта және әлемнің басқа аймақтарында бұның зиянын көргенін баяндаған Ибрахим Калын екі тарапқа да байсалды болуы жөнінде үндеу тастады. 

Мәселені шешу тақырыбында Түркияның талпыныстарына да тоқталған Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның әрі Ресей президенті Владимир Путин, әрі Украина президенті  Владимир Зеленскиймен сөйлескенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар