Ердоған Александр Вучичті күтіп алды

Президент Ердоған Түркияға келген Сербия президенті Александр Вучичті Анкарада ресми рәсіммен күтіп алды.

1764680
Ердоған Александр Вучичті  күтіп алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучичті бас қала Анкарада ресми рәсіммен күтіп алды.

Ердоған мен Вучич рәсім алаңына келгеннен кейін 21 рет оқ атылды және екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Екі ел делегациялары таныстырылғаннан кейін Ердоған мен Вучич оңаша кездесу өткізді.

Кездесуден кейін президент Ердоған мен қонақ басшы Вучич Түркия-Сербия Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы мен келісімдерге қол қою рәсімі және баспасөз жиналысына қатысты. 

 



Ұқсас жаңалықтар