Түркия БАӘ-не көңіл айтты
Түркия Абу-Дабиге ұшқышсыз әуе көлігімен ұйымдастырылған шабуылды айыптады.
1764004

Түркия Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) бас қаласы Абу-Дабидегі Мусаффах аймағына ұшқышсыз әуе көлігімен ұйымдастырылған шабуылды айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:
"Шабуылдарда қаза тапқандарға Алладан иман тілейміз, отбасындағылар мен Біріккен Араб Әмірліктері халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамыз" деп жазылды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің бас қаласы Абу-Дабиде ұшқышсыз әуе көлігімен шабуыл ұйымдастырылып, шабуылда бір пәкістандық, 2 үндістандық 3 кісі қаза тапқаны, 6 кісінің жараланғаны хабарланған болатын.