Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Түркия Ауғанстанның  Бадгис уәлаятында болған жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1764316
Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде "Ауғанстанның батысындағы Бадгис уәлаятында болған жер сілкінісінде 22 адамның қаза тапқаны, көптеген адамның жарақат алғаны және көптеген үйлердің зақымдалғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық" делінді. 

Мәлімдемеде "Қаза тапқандардың отбасына және Ауғанстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Жаралыларға шұғыл шипа тілейміз. Түркия әрқашан гуманитарлық жәрдем беруге дайын" деп көрсетілді.

Еске сала кетейік, Америка Құрама Штаттары геология мекемесі USGS  Ауғанстанның батысындағы  Бадгис уәлаятында 5,3 балдық жер сілкінісінің болғанын жариялаған еді. 

Жер сілкінісінде 22 адам мерт болды. Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар