Президент Ердоған Албанияға барады

Түркия салған үйлер баспанасыз қалған отбасыларға табысталады.

1763423
Президент Ердоған Албанияға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Албания премьер-министрі Эди Раманың шақыруымен бүгін Албанияға сапарлай барады.

Сапар аясында өтетін кездесулерде стратегиялық серіктестік деңгейіндегі Түркия-Албания қарым-қатынастары барлық жағынан қарастырылып, ынтымақтастықты тереңдету үшін басылатын қадамдар талқыланады.

Кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасылады.

2019 жылы Албаниядағы жер сілкінісі апатында баспанасынан айырылған отбасылар үшін Лач қаласында Түркия салған үйлер осы сапар барысында тапсырылады.

Президент Ердоған Тиранада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) қалпына келтірген Этхем Бей мешітін ашады және Албания парламентінде сөз сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар