Түркияда 1 жылда 138 миллионнан астам вакцина егілді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеме жасады.

1762827
Түркияда 1 жылда 138 миллионнан астам вакцина егілді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетімен күресте Түркияда 1 жылда 138 миллионнан астам вакцина жасалғанын мәлімдеді.

Кожа әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Түркияда ковид-19 індетіне қарсы тегін вакцинацияның 1 жыл бұрын басталғанын еске салып, «1 жылда 138 миллионнан астам вакцина салынды.

Осы уақыт ішінде біз де отандық TURKOVAC деген өз вакцинамызды өндірдік. Кең таралған вакцинация бізді 1 жылда қалыпты өмірге жақындатты. Жетіспеген вакциналарымызды алғашқы күнгі сияқты табандылықпен салайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар