Шентоп Рүстем Умеровпен кездесті

Мұстафа Шентоп Түркияның Украинадағы мәселелердің бейбіт жолмен шешілуі үшін қолдау беретінін қайталады.

1761675
Шентоп Рүстем Умеровпен кездесті

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Украина-Түркия парламентаралық достық тобының тең төрағасы Рүстем Умеров пен қасындағы парламент делегациясын Анкарада қабылдады.

Мұстафа Шентоп қабылдаудағы сөзінде Түркияның Украинадағы мәселелердің бейбіт жолмен шешілуі үшін жәрдем беруге дайын екенін айтты.

Шентоп:

"Украинаның территория тұтастығы мен саяси егемендігіне толық қолдау беретінімізді қайталаймын" деді.

Қырымға байланысты "Түркия Қырымның заңсыз жаулануын танымады және танымайды" деген Шентоп Қырым татарларының жергілікті халық мәртебесінің парламентте қабылдануы маңызды қадам екенін білдірді.

Армян пайымдауларын қолдаған заң жобасының кері қайтарылуына ризалығын тілге тиек еткен Шентоп:

"Қарым-қатынастарымызға ұсақ-түйек істермен көлеңке түсіруді ойлағандар азсанды екенін, Украина әкімшілігінің байсалды және ережелі жігер көрсеткенін түсінеміз. Осы жігердің жалғасуын тілейміз" деп көрсетті..



Ұқсас жаңалықтар