Түркия алға ілгерлейді

Президент Режеп Тайып Ердоған террор қаупінің жалғасқанын білдірді.

1761464
Түркия алға ілгерлейді

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партияның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі. 

Баяндамасында террор ұйымдарына қарсы жүргізілген күреске тоқталған Ердоған террор қаупінің жалғасқанын түсіндіріп, "Біз әскерлерімізбен, жандармериямызбен, полициямызбен және қауіпсіздік күштерімізбен бірге террормен күресті табанды түрде жалғастырамыз" деді. 

Түркияны әлемнің ең ірі 10 экономикасы қатарына қосу жолымда алға қарай ілгерілегендерін білдірген Ердоған "Біздің басты нысанамыз жұмыспен қамдау арқылы ұлтымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту. Нысаналарымыз жүзеге асырылуда" деп көрсетті. 

Ердоған "Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті барша әлемге болымсыз ықпал жасады. Біз Ковид-19 індетінің ықпалын азайту үшін атсалысудамыз. Әлем экономикасындағы жағдайға қарағанда біздің жағдайымыз жаман емес.  30 миллион адамды жұмыспен қамдадық. Еліміздің инвестиция, өндіріс, экспорт сынды салалары өсуде. Біз алға қарай ілгерлейміз" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар