Нұр-Сұлтандағы ТӘЖ қызметкерлері Түркияға әкелінді
Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) 2 ұшқышы мен 4 қызметкері Дубай арқылы Түркияға ұласты.
1759607
Қазақстан Республикасындағы оқиғаларға байланысты рейстер тоқтатылған елорда Нұр-Сұлтанда қалған Түрік Әуе жолдарының (ТӘЖ) 2 ұшқышы мен 4 қызметкері Дубай арқылы Түркияға ұласты.
Нұр-Сұлтандағы 6 адамнан тұратын экипажды Түркияға әкелу үшін ТӘЖ Басқарма және Атқару комитетінің төрағасы Илкер Айджының тапсырмасымен жұмыс жүргізілді.
ТӘЖ-да жұмыс істейтін 6 адам түнгі уақытта басқа бір әуе компанияға тиесілі ұшақпен Нұр-Сұлтаннан Дубайға апарылды.
Жергілікті уақытпен сағат 02:40-та Дубай әуежайынан көтерілген ТӘЖ-ның рейсімен экипаж таңғы уақытта Стамбулға келді.
Алматыдағы ТӘЖ қызметкерлерін де Түркияға әкелу үшін келіссөздердің жалғасып жатқаны білдірілді.