Американың жаңа елшісі келді
Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы жаңа елшісі Джефф Флейк келді.
1758993

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы жаңа елшісі Джефф Флейк Түркияға келді.
Жұбайы Шерилмен Стамбул әуежайына қонған елші Джефф Флейк «Мен осында болғаныма қуаныштымын және қарсы алғандарыңызға рахмет» деді.
Флейк пен жұбайы ел астанасы Анкараға келеді.
Республикашыл болуына қарамастан, 2020 жылғы президенттік сайлауда Демократиялық партиядан Джо Байденді қолдаған Флейк 2013-2019 жылдары АҚШ Сенатында Аризона штатының сенаторы қызметін атқарды және 2001-2013 жылдары Өкілдер палатасының мүшесі болды.
Ұқсас жаңалықтар

5 террорист залалсыздандырылды
"Бейбітшілік бұлағы" аймағында PKK/YPG мүшесі 5 террористің залалсыздандырылғаны хабарланды.