2021 жылы 1140 террорист залалсыздандырылды

Чатаклы 2021 жылы 200 террористтің  берілгенін айтты.

1756898
2021 жылы 1140 террорист залалсыздандырылды

Былтыр 1140 террорист залалсыздандырылды. Олардың 84-і террор ұйымының жоғары деңгейдегі басшылары.

Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы баспасөз брифингінде 2021 жылдың террорлық ұйымдар үшін қиын жыл болғанын айтты.  Ол «Террористтер енді босқа қиялдамасын.  Көптеген жылдар бойы осы ұйымдарға қанша жанның өмірі пида болды.  PKK 40 жылдан бері қарулы әрекет жасап келеді.  Қазір тек тауларда 156 террорист қалды.  Олар да індетінен шыға алмай отыр» деді.

Былтыр жүргізілген 143 мың 321 операцияда 1140 террорист залалсыздандырылды. Олардың 84-і – террорлық ұйымдардың жоғары деңгейдегі басшылары.  11-і қызыл, 2-уі – көк, 5-еуі жасыл, 24-і – қызғылт сары, 35-і – сұр категорияда іздеу салынған террористтер.

Чатаклы 2021 жылы 200 террористтің  берілгенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар