Президент Ердоған 2021 жылын бағалады

Ердоған: "2021 жылы да тоқтамай күндіз-түні жұмыстандық".

1755259
Президент Ердоған 2021 жылын бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны алға қойған мақсаттарына жеткізу үшін жыл сайын болғандай 2021 жылы да тоқтамай күндіз-түні еңбектенгендерін атап көрсетті. 

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан 2021 жылы  атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады.

«Түркияны алға қойған мақсаттарға жеткізу үшін жыл сайын болғандай 2021 жылы да тоқтамай күндіз-түні жұмыстандық» деген Ердоған хабарламасында мұқтаждарға қолдау берілгендерін, дағдарыстың алдын алу орталықтары арқылы көптеген заңдық бағыт-бағдар берілгенін, мүгедек және мемлекеттің қарамағындағы жастарды жұмыспен қамдағандарын, мұқтаж жандардың үйлеріне қызмет көрсетіп, қаржылай қолдау берілгенін баса айтты. 

Ердоған жалпы көрермен сыйымдылығы 54 мың 255 адамға жеткен 4 стадионды қалалық және спорттық клубтарға пайдалануға бергендерін, араларында «Формула 1» де бар 164 халықаралық спорт жарысына сәтті қонақжайлық жасағандарын түсіндірді. 

«Еркін тұлға, күшті қоғам, демократиялық Түркия» перспективасын ұстанатын «Адам құқықтары жөніндегі іс-қимыл жоспарын» да бөліскендерін еске сала отырып, «Жануарларды қорғау туралы заңға түбегейлі өзгеріс енгізу арқылы біз жан достарымыздың алдындағы жауапкершілігімізді орындадық» деді. 

Ердоған «Қауіпсіздік бөлімшелерімізге қарасты қарулы пилотсыз әуе көліктері барлығы 43 мың 857 сағат ұшып елдің қауіпсіздік қызметіне үлес қосты» деді. 

Қауіпсіздік күштерінің 181 террор шабуылының алдын алғанын білдірген Ердоған операциялар нәтижесінде мыңдаған оқ-дәрінің де тәркіленгенін атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар