Қорғаныс министрі Косовода

Хулуси Акар Босния сапарынан кейін кеше Косовоға барды.

1753931
Қорғаныс министрі Косовода

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Косовода президент Османи және премьер-министр Куртимен кездесті.

Хулуси Акар Босния сапарынан кейін кеше Косовоға барды.

Акар Косовоның бас қаласы Приштинада Қорғаныс министрі Арменд Мехажбен кездесуінен кейін Косово президенті Османимен бас қосты.

Акар кездесуде президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізгеннен кейін Түркияның Косовоның бейбітшілік пен тұрақтылығына мән бергенін тілге тиек етті. Ол қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуінің маңызына тоқталды.

Министр Османимен кездесуінен кейін премьер-министр Куртимен бас қосты.  Кездесуде Түркия мен Косово арасындағы әскери білім беру және қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың дамытылуы керектігі, Косовоның Иерусалимде ашқан елшілігіне деген мазасыздық пен Фетуллахшы террорлық ұйыммен күресте нақты шаралардың қолданылуы атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар