Ұлттық Қорғаныс министрі Босния және Герцеговинада

Министр Хулиси Акар Халықаралық Сараево университетінде студенттермен бас қосты.

1753513
Ұлттық Қорғаныс министрі Босния және Герцеговинада

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Босния және Герцеговинадағы бірлік пен ынтымақтастықтың аймақ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды екенін атап көрсетті.

Түркия мен Босния және Герцеговинаның достық пен бауырластық байланыстарына негізделген бір қарым-қатынасы бар екенін атап көрсеткен Акар «Ортақ тарихи және мәдени байланыстарымыз білім беру, денсаулық, қорғаныс және сауда салаларында да мықты қарым-қатынас орнатуда тиімді» деді.

Түркияның Балқанда бейбітшілік пен тыныштықты сақтау үшін әр салада жұмыс істегенін атап көрсеткен Акар «Әсіресе Босния және Герцеговинадағы бірлік пен ынтымақтастық аймақ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды» деді.

Босния және Герцеговинадағы тұрақтылық, саяси бірлік пен аумақтық тұтастықтың Түркия үшін маңызды екенін білдірген Акар «(1992-1995 жылдары арасында босниялық, сербтер және хорваттар арасындағы 100 мың бейбіт адамның өліміне себеп болған азаматтық соғысты аяқтаған) «Дейтон бейбітшілік келісімі» барлық баптарымен күшінде. Осы себепті Босния және Герцеговинадағы саяси дағдарысты тез арада жою керек» деді.

Министр Акар тараптар талап еткен жағдайда Түркияның президент Режеп Тайып Ердоғанның атап көрсеткеніндей әрқашан бітімгерлікке дайын екенін білдірді.

Балқан мен Босния және Герцеговинаның маңыздылығына тоқталған Акар Түркияның Босния және Герцеговина сияқты дос елдердегі бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік үшін бар күшін жұмсап жатқанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар