TRT-ге халықаралық жүлде

Түркия Телерадио корпорациясы көптеген жүлдеге ие болды.

1751541
TRT-ге халықаралық жүлде
zoom yarışma2.jpg
zoom yarışma1.jpg

Zoom Халықаралық жаңалық көріністері байқауында Түркия Телерадио корпорациясы көптеген жүлдеге ие болды.

Түркия Жаңалық операторлары қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылған  Zoom Халықаралық Жаңалық көріністері XXV байқауының марапат кеші Анкарада болды.  Марапат кешінде бес елден 95 жаңалық және деректі фильм көріністері бағаландырылды, 9 аталымда жүлделер табыс етілді.

Арнайы жаңалық аталымында тілшілер Беррин Южесан, Елиф Аккуш, Сабахнур Сайылган, Сүлейман Яшар, операторлар Микаил Севинч, Огуз Каратопрак, Сейит Ташделен, Шеми Демирел жүлделерін TRT Бас директоры Мехмет Захид Собаджының қолынан алды.

Сериал аталымында «Көгілдір Отан» деректі фильмімен Ахмет Гөрмез, Ихсан Кыркбешоғлу, Тахсин Өзкан және Бүлент Узын жүлдеге лайықты деп табылды.

Ынталандыру жүлделерінің бірі де TRT Haber арнасы оператор қызметіне берілді. Марапатты TRT Бас директорының орынбасары Хасан Өймез табыс етті.

Мамандықта адалдық жүлделерінің бірі TRT Kürdi арнасынан Гүлай Демирге берілді.

Кешке қатысқан Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун да жаңалық операторларының дұрыс хабарға қол жеткізудегі маңызына назар аударып, Коммуникация басқармасының баспасөз қызметкерлерінің жанында екенін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар