"Басылатын қадамдар Израильге де пайдалы"

Президент еврей қоғамының өкілдерін қабылдады.

1751346
"Басылатын қадамдар Израильге де пайдалы"

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Палестина мәселесінде басылатын қадамдар тек палестиналықтардың ғана емес, Израильдің де қауіпсіздік пен тұрақтылығына үлес қосады.  Иерусалимде барлығына ыңғайлы бір шешім табылатынына сенемін» деді.

Президент Ердоған Түрік Еврей қоғамы мен Ислам елдері равиндер одағы мүшелерін кеше Анкарада қонақ қылды.

Президент қабылдаудағы сөзінде: «Әсіресе батыс елдерінде артқан Ислам дұшпандығы,  антисемитизм және шетелдіктерге қарсы дұшпандықпен күресте ұйымшылдық көрсетуіміз керек» деді. «Сонымен бірге Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығайтылуы үшін де бірге жұмыстану қажет. Иерусалим секілді Палестина мәселесінде басылатын қадамдар тек палестиналықтарға емес,  Израильдің де қауіпсіздік пен тұрақтылығына үлес қосады. Әрі Израиль президенті, әрі премьер-министрмен қайтадан жанданған диалог маңызды»» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар