Мәжіліс төрағасы Сербияға барды
Мұстафа Шентоп ресми сапарының екінші аялдамасы Сербияда.


Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Македония, Сербия және Черногорияны қамтыған ресми сапарының екінші аялдамасы Сербияда. Ол жанындағы парламент делегациясымен бірге Белградқа барды.
Шентопты Белград Никола Тесла әуежайында Түркияның Сербиядағы өкілетті және төтенше елшісі Хами Аксой мен басқа да лауазым иелері қарсы алды.
ТҰҰМ төрағасы Шентоп Серби президенті Александр Вучич және премьер-министр Ана Брнабичпен бас қосады. Сербия парламентіне баратын Шентоп әріптесі Ивика Дачичпен кездеседі.
Мұстафа Шеноп кеше Солтүстік Македонияда Түрік тілінде білім беру мерекесіне қатысқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия береке-бірлікпен барлық қиындықты жеңеді
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы «Ғасыр ынтымақтастығы науқанын» бастады.