Президент экономика жөнінде үн қатты

Президент Ердоған Президенттік сарайдағы кабинет жиналысынан кейін ұлтқа үн қатты.

1750228
Президент экономика жөнінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 2022 жыл бюджетінің елге және ұлтқа қайырлы болуын тіледі.

Президент Ердоған Президенттік сарайдағы кабинет жиналысынан кейін ұлтқа үн қатты.

Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі талқылаулары өткен жұма күні аяқталып, қабылданған бюджеттің елге және ұлтқа қайырлы болуын тіледі.

Ол жаңа бюджеттің 67 стратегиялық бағдарлама арқылы Түркияны инвестиция, жұмысқа орналастыру,  өндіріс және экспорт арқылы өсіру мақсаттарына үлес қосатынын айтты. «Бюджетіміз жаңалықшыл және қоршаған ортаға пайдалы ерекшеліктерімен алға шығады.  Бүгінге дейін болғандай 2022 жыл бюджетін де еліміздің нысаналары және ұлтымыздың дамуына қызмет ететін түрде жүзеге асырамыз» деді ол.

Президент Ердоған Түркияның соңғы 19 жылда орташа 5,1 пайыздық өсу табысына қол жеткізген экономика екенін баса айтты. Ол демократияда, дамуда,  қауіпсіздікте, дипломатияда лайықты орнын тапқан Түркияны экономикада да сондай табысқа жеткізуге табанды екендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар