Чавушоғлу Кабул әуежайы жайлы мәлімдеме жасады
Министр Чавушоғлу "Мамандарымыз бүгін кеште Дохаға барады. Шартарымыз қабынданса әуежайын Катармен бірге басқарамыз" деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстанда Кабул әуежайының басқарылуы жайлы "Мамандарымыз бүгін кеште Дохаға барады. Шарттарымыз қабынданса әуежайын Катармен бірге басқарамыз" деді.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкарада Малайзия Сыртқы істер министрі Сейфеддин Абдуллахпен ортақ баспасөз жиналыс өткізді.
Кабул әуежайының басқарылуы жайлы мәлімдеме жасаған Чавушоғлу "Мамандарымыз бүгін кеште Дохаға барады. Ауғанстан уақытша әкімшілігіне ортақтық ұсыныс жасаймыз. Шарттарымыз қабылданса, онда Катармен бірге әуежайын басқаруымызға болады. Ауғанстанда Кабулды қамтыған 5 әуежайын бірге басқару үшін ортақ келісімге қол қойылған еді. Сәрсенбі күні делегация Кабулға барады. Уақытша үкіметпен кездесу өткізіледі" деген сөздер қолданды.
Министр Чавушоғлу Армениямен диалог процесіне байланысты былай деді: "Армениямен тікелей кездесу үшін арнайы өкілдер тағайындадық. Тез арада бас қосады. Қадамдарымызды басқан кезде Әзербайжанмен ақылдаса отырып басамыз" деді.
Ұқсас жаңалықтар

Бір әскер шейіт болды
«Пенче-килит» операциясы аймағында террористтердің оғынан 1 әскер шейіт болды.