Түркияда вирустан соңғы тәулікте 171 адам мерт болды

Ел көлемінде оңғы бір тәулікте 351 мың 536 адамға сынама жасалды.

1746935
Түркияда вирустан соңғы тәулікте 171 адам мерт болды

Түркияның коронавирус індетімен күресі жалғасуда.

Соңғы 24 сағаттағы жан шығыны 171 адамға жетті. Соңғы бір тәулікте 351 мың 536 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 18 мың 796 адамға коронавирус жұққаны анықталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 23 мың 242 кісіге көбейді.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында бүгінге дейін 1-ші, 2-ші және 3-ші коммпонентпен вакцина ектіргендердің жалпы саны 121 миллион 804 мың 33 адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар