ТРТ-Түркиядағы ақпарат саласының жетекшісі

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы ТРТ-нің Түркиядағы ақпарат саласының жетекшісі екенін білдірді.

1746335
ТРТ-Түркиядағы ақпарат саласының жетекшісі
mehmet zahid sobaci.jpg
TRT Stratcom Ozel.jpg

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы тарапынан Стамбул Халич Конгресс орталығында ұйымдастырылған Халықаралық Стратегиялық коммуникация саммиті аясында "Түркия Телерадио корпарациясы ТРТ: Stratcom арнаулы" панелі өткізілді.

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы панелдегі сөзінде ТРТ-нің Түркиядағы ақпарат саласының жетекшісі екенін білдіріп:

"Бүгін 18 телеарнасымен түрлі тілдерде, түрліше географияға бағдарлама ұсынған ТРТ-ден сөз қозғап отырмыз. 18 радио каналы, 9 цифрлық платформамен, 4 цифрлық қосымша жүйесімен, баспасөзі, ұлттық және халықаралық өреде атқарған организацияларымен ақпаратты іске асырған, ықпал күшін көрсеткен бір ТРТ-ден сөз қозғап отырмыз" деді. 

ТРТ ретінде Түркияның жаһандық және аймақтық мәселелерге байланысты құқығын, талаптары мен дәлелдерін халықаралық платформаға көтергенін айтқан Собажы:

"Бүгінге дейін байқалмаған географияның, шетке қағылған географияның үнін халықаралық саясатқа жеткізуге талпынудамыз. Сол себепті TRT World маңызды бір құралымыз. Сонымен бірге жалған ақпарат, манипуляциялар ауыр болған ғасырымызда адамдар өте мұқтаж болып отырған бұзылмаған бір коммуникация мен хабар алу құқығын іске асыру тұрғысынан тура хабарларды жеткізуге талпынудамыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар