Суданда екі түрік алып қашырылды

Сыртқы істер министрлігі мен Түркияның Судандағы өкілетті елшілігі алып қашырылған түріктердіің босатылуы үшін Судан органдарымен жұмыстануда.

1744873
Суданда екі түрік алып қашырылды

Суданда түрік электр өндіріс компаниясында жұмыстанған бір инженер мен бір басшылық қызметкері белгісіз адамдар тарапынан алып қашырылды.

Суданның Дарфур аймағының әкімі Мини Арко Минави Твиттердегі мәлімдемесінде:

"Өкінішті. Дарфур аймағында қызмет еткен түріктердің қауіпсіздік күштерінің көзалдында алып қашырылуы адамзаттың жүрегін сыздатады. Оларды іздеп жатырмыз. Олардың түріктерге зиян салмауы және аман-есен оралуы үшін жұмыстанудамыз" деді.

Дипломатиялық хабарларға қарағанда Солтүстік Дарфур уәлаятына қарасты Фашир қаласындағы электр өндіріс компаниясында жұмыстанған бір инженер мен бір басшылық қызметкері және судандық көлік жүргізушісі кеште үйге қайтқан жолда белгісіз адамдар тарапынан көлігімен бірге алып қашырылған.

Алып қашушылар сабағаннан кейін босатқан судандық жүргізуші емделгеннен кейін үйіне қайтқан.

Сыртқы істер министрлігі мен Түркияның Судандағы өкілетті елшілігі алып қашырылған түріктердіің босатылуы үшін Судан органдарымен жұмыстануда.

Солтүстік Дарфур әкімшілігі Фашир қаласындағы Земзем босқындар лагері маңында белгісіз адамдар тарапынан ұйымдастырылған қарулы шабуылда 4 кісі қаза тапқанын, 3 кісі жараланғанын білдірген еді.

Уәлаят әкімшілігі алдына жиналған халықты сабырға шақырған лауазымдылар бір күдіктінің ұсталғанын, барлық қылмыстылар ұсталғанға дейін  тергеудің жалғасатынын жариялады.  



Ұқсас жаңалықтар