Чавушоғлу Бейбітшілікті қорғау жиналысына қатысты

Министр Чавушоғлу Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қорғау жұмыстарына қолдау бергенін түсіндірді.

1744783
Чавушоғлу Бейбітшілікті қорғау жиналысына қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық Қорғаныс министрлігі бірге ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілікті қорғау министрлер жиналысына бейне көрініс арқылы қатысты. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күшінің табысты болуы үшін барлық тараптарға ортақ ынта-жігер көрсету керектігін білдіріп, "Бұл жағдай Кипр үшін де керек" деді. 

Чавушоулу "Бейбітшілікті қорғауда технологияның және медициналық жабдықтардың маңызды екенін түсіндіріп, Сеул талпынысына ризамыз" деген сөздер қолданды. 

Министр Чавушоғлу Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қорғау жұмыстарына қолдау бергеніне тоқталып "Түркия құрылғанан осы таңға дейін БҰҰ Бейбітшілік орнату қорына 2,9 миллион долларлық үлес қосты. Қорға жалғасты үлес қосамыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар