Ердоған Катарға аттанды

Түркия-Катар Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық кеңесінің 7-ші кезекті жиналысы өтеді.

1743352
Ердоған Катарға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Катармен қоса Шығанақтағы басқа елдермен де ынтымақтастықты дамытуға тырысқандарын айтты. 

Президент Ердоған Катарға аттанар алдында Стамбұлда Ататүрік әуежайында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Түркия мен Катар қарым-қатынастарының достық стратегиялық аясында күн сайын күшейгенін білдірді. 

Ердоған Катармен экономикадан қорғанысқа, саудадан инвестицияға дейін көптеген салада өзара мүдде негізінде ортақтықты күшейткендерін түсіндірді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған баспасөз жиналысынан кейін Катарға аттанды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған астана Дохада Катар Әмірі Шейх Мұхаммед ибн Хамад әл-Сани тарапынан салтатты түрде қарсы алынады. 

Екі лидер қарсы алу рәсімнен кейін оңаша кездеседі. Кездесуда Түркия мен Катар қарым-қатынастары егжей-тегжейлі қолға алынады. Сонымен қатар Ауғанстан, Сирия және Ливия тақырыптары жайлы көпқарас алмасады. 

Осы барыста Түркия-Катар Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық кеңесінің 7-ші кезекті жиналысы өткізіледі. 

Ердоған мен Әл-Санидің төрағалығында өткізілетін  7-ші кезекті жиналысында түрлі келісімдерге қол қойылады. 

 



Ұқсас жаңалықтар