Түркия қорғаныс өнеркәсібінде үлкен табыстарға қол жеткізді
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар қорғаныс өнеркәсібіндегі дамуымен мақтанғанын білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар қорғаныс өнеркәсібіндегі дамуымен мақтанғанын білдіріп, Түркияның технология саласында да үлкен табыстарға қол жеткізетіндерін айтты.
Министр Акар Ұлттық қорғаныс министрі орынбасары Мухсин Дере, Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Қарулы күштері қолбасшыларымен бірге Кырыккаледе Машина химия индустрия қару-жарақ зауытын аралады.
Машина химия индустрия фирмасының жұмыстарына байланысты брифинг алған Акар жұмысшылармен кездесті.
Түрік Қарулы Күштерінің жауапкершілігін арттырғанын білдірген Хулуси Акар "Құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Түркия халықаралық салада үлкен табыстарға қол жеткізді" деді.
Жергілікті және отандық қорғаныс өнеркәсібін бір таңдау емес, мәжбүрлік ретінде түсіндірген министр Акар "Қазір соғыс кемелерді, тікұшақтарды, ұшқышсыз әуе аппараттарды және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарды өзіміз өндірудеміз" деген сөздер қолданды.
Министр Акар жоғарғы технологияға негізделген қару-жарақ және түрлі жабдықтар арқылы әскерлеріміздің қабілет күшін тіпті де арттаратындарын баяндады.