Қараша айында 92 террорист залалсыздандырылды

Террористтердің бірі жасыл, бірі қызғылт сары, бірі сұр категорияларда іздеу салынған террористтер екені анықталды.

1742554
Қараша айында 92 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Исмаил Чатаклы қараша айында 92 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.

Чатаклы Анкарада айлық баспасөз брифингінде қараша айында Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен жүргізілген операциялар нәтижесінде барлығы 92 террористің залалсыздандырылғанын айтты.  Террористтердің бірі жасыл, бірі қызғылт сары, бірі сұр категорияларда іздеу салынған террористтер екені анықталды.

Ол «Қараша айында Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ауылдық жерлерде 10 900, қалаларда 1 382 операция жүргізілді» деді.

Жүйесіз көшпен күрес тақырыбында да мәлімет берген лауазым иесі қараша айында барлығы 19 587 босқынның ұсталғанын, олардың 3 592-сінің теңізде ұсталғанын хабарлады. Ол заңсыз босқындарды тасымалдау үшін ұйымдастырушылық міндетін атқарған  832 кісінің де ұсталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар