Түркияда вирустан 24 сағатта 196 кісі қайтыс болды

Бір тәулікте 25 мың 556 адам коронавирус індетін жұқтырған.

1741662
Түркияда вирустан 24 сағатта 196 кісі қайтыс болды

Түркияның коронавирус індетімен күресі жалғасуда.

Соңғы 24 сағаттағы жан шығыны 196 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте 355 мың 252 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 25 мың 556 адамға коронавирус жұқты.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 24 мың 113 кісіге көбейді.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында бүгінге дейін 1-ші, 2-ші және 3-ші коммпонентпен вакцина ектіргендердің жалпы саны 120 миллион 516 мың 813 адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар