Чавушоғлу ЕҚЫҰ жиналысында сөз сөйледі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинадағы дағдарыстың дипломатиялық жолдармен шешу керектігін білдірді.

1742088
Чавушоғлу ЕҚЫҰ жиналысында сөз сөйледі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияда ұйымдастырылған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 28-ші Сыртқы істер министрлері Кеңесі жиналысында сөз сөйледі. 

ЕҚЫҰ географиясындағы қауіпсіздік мәселелерінің ықпалды түрде қолға алынуы керектігін түсіндірген Чавушоғлу "Оңтүстік Кавказда түбегейлі бейбітшілік үшін бір орай туылды. Минск тобы тең төрағалары да (Ресей, Франция және Америка Құрама Штаттары) топтың тұрақты мүшелерімен (Беларусь, Германия, Италия, Португалия, Голландия, Швеция, Финляндия, Түркия және мәселенің тараптары болған Әзербайжан және Армения) бірге жаңа шындыққа негізделген үлес қоса алады. Украинадағы дағдарыс дипломатиялық жолдармен шешілуі керек. Минск келісімдері және халықаралық құқыққа бойсұну өте маңызды. Қырым Татарларына бағытталған адам құқықтар бітімін бұзған әрекеттерден алаңдаудамыз" деді. 

Министр Чавушоғлу Грузия мен Молдавияда бейбітшілік және жалғастыруға болатын талпынасатрына жалғасты қолдау көрсетілуі керектігін баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар