Ердоған шетелдік инвестиция туралы айтты
Президент TRT ортақ бағдарламасында күн тәртібіндегі оқиғаларға баға берді.
Президент Режеп Тайып Ердоған: «Түркияға ұзақ мерзімді инвестиция салғандар әрқашан жеңіске жетті, бұдан былай да жеңеді» деді.
Президент Ердоған Түркия телерадио корпорациясының (TRT) ортақ бағдарламасында күн тәртібіндегі оқиғаларға баға берді. Ердоған жыл аяғындағы өсу перспективалары туралы “Біз 10 пайызға жетеміз. Біздің болжамымыз кемінде 10, бірақ одан да асып кетуі мүмкін” деді.
«Пайыз – себеп, инфляция – нәтиже» деген Президент пайыздық мөлшерлемені төмендеткендерін, инфляцияның да төмендейтінін айтты.
“Шетелдік инвесторлар үшін ұзақ мерзімді инвестициялардың уақыты келді. Түркияда ұзақ мерзімді инвестиция жасағандар әрқашан жеңіске жетті, жете де береді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ирак сапарына баға берді
“PKK/PYD/YPG террор ұйымы Ирактың тұрақтылығына, дамуы мен тыныштығына қауіп төндіреді" деді ол.
Елде балалар мерекесі тойланып жатыр
Анкарада мәжіліс ғимараты алдындағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.