Екі террорист залалсыздандырылды

Залалсыздандырылған террористтер -  PKK/KCK-ның қалалық YPS құрылымына мүше Ренас Ермеган мен Невзат Дурмуш.

1741417
Екі террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде Ұлттық барлау ұйымының операциясында сепаратистік террорлық ұйым PKK/KCK-ның екі мүшесі залалсыздандырылды.

Қауіпсіздік ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда,  террористтер -  PKK/KCK-ның қалалық YPS құрылымына мүше Ренас Ермеган мен Невзат Дурмуш.

Ренас Ермеганның 2015 жылы Шырнактың Джизре және Силопи аудандарында болған шұңқыр қазу, баррикада жасау оқиғаларында қауіпсіздік күштеріне қарсы лаңкестікті жоспарлаушы және орындаушы болғаны анықталды.

Невзат Дурмуш та PKK/KCK ұйымының 2015 жылы Шырнакта Бейтүшшебат ауданындағы шабуылын дайындаған және орындалуында белсенді рол атқарған.  Ол ұйымның Сирия мен Ирак арасындағы байланыстарын координациялау қызметін атқарған.



Ұқсас жаңалықтар