Түркия Қырғызстандағы сайлаудың сәтті өтуіне ризашылық білдірді

Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасында өткен парламенттік сайлауды бағалады.

1740081
Түркия Қырғызстандағы сайлаудың сәтті өтуіне ризашылық білдірді

Түркия Қырғызстанда өткен парламенттік сайлаудың бейбіт және тыныш өтуіне ризашылық білдірді.

Сыртқы істер министрлігі жасалған мәлімдемеде «Қырғызстан Республикасында өткен парламенттік сайлаудың бейбіт және тыныш күйде сәтті аяқталғанына қуаныштымыз. Біз тарихи және мәдени байланыстары терең Қырғызстанның тұрақтылығы мен әл-ауқатының өсуіне мән береміз. Парламенттік сайлау қорытындысының дос және бауырлас Қырғызстанға құт әкелуін тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар