Ердоған Түрікменстаннан қайтқанда ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Мысыр, Украина және Ресеймен байланыстарға тоқталды.

1740287
Ердоған Түрікменстаннан қайтқанда ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің Түркияға 10 миллиард долларлық инвестиция жобасын ұсынғанын айтып:

"Осы инвестицияны орындау арқылы өзгеше бір болашақ орнатамыз. Тамаша дамулар болады" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан сапарынан қайтарда ұшақта бағаландырулар жасады.

Ердоған соңғы жылдарда ойдағыдай болмаған Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері қарым-қатынастарында тамаша ілгерлеу болғанын білдіріп, Біріккен Араб Әмірліктері тарапының Түркияға инвестиция салуға дайын тұрғанын айтты.

Біріккен Араб Әмірліктерінің мұрагер ханзадасы Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның 24 қарашадағы Түркия сапарында екі ел арасында  жасалған келісімдердің байланыстарда тың кезең басталуына себеп болғанын айтқан Ердоған:

"Екі жақтылы және делегациялар арасындағы кездесулеріміз табысты өтті және келісімдерге қол қойдық. Алдағы процесте ақпан айында қарымжы сапарға барамын. Оның алдында Сыртқы істер министріміз бен Ұлттық Барлау ұйымы төрағасы сапарлай барады. Алдымен дайындықтар жасалады, артынан ақпанда бір делегацияны бастап барамын, күшті қадамдар басамыз. 10 миллиард долларлық инвестиция жобасын ұсынды.  Осы инвестицияны атқару мақсатымен өзгеше бір болашақ орнатамыз. Осы тақырыптарда ілгерлеу болады" деді.

Израиль мен Мысырға өкілетті елші тағайындауға тоқталған Ердоған:

"Шешім жасалғаннан кейін табиғи түрде күн тәртіпке сай өкілетті елшілер тағайындалады. Бұл елдерде елші болмағанымен елші өкілі өресінде қадамдар басылды. Осы қадамдарымыз күн тәртіпке сай жалғасады. Біріккен Араб Әмірліктерімен арамызда қадамдарымыз қалай басылған болса, басқа елдермен де ұқсас қадамдар басамыз" деп көрсетті.

Украина мен Ресей дағдарысына тоқталған Ердоған:

"Украина мен Ресей арасындағы дағдарыста біздің күн тәртібіз белгілі. Біз Қырым түріктерімен байланысымыз тұрғысынан аймақта бейбітшіліктің орнауын қалаймыз. Дос Ресеймен және Ресей президенті Владимир Путинмен аталмыш тақырыптарды осы көзқарасымыз бойынша кеңестік, кездесулеріміз жалғасуда" деді. 



Ұқсас жаңалықтар