Президент Ердоған Түрікменстанда Реисимен бас қосты

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммиті Түрікменстанда басталды.

1739713
Президент Ердоған Түрікменстанда Реисимен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисимен бас қосты.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммитіне қатысу үшін Түрікменстанға барған президент Ердоған саммит аясында екі жақты кездесулерін бастады.

Саммит өткен Қарақұм қонақүйінде Иран президентімен бас қосқан Ердоған артынан Тәжікстан президенті Имамали Рахман және Пәкістан президенті Ариф Альвимен бөлек кездесті.

Президент Ердоған кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен де бас қосты. Баспасөзге жабық өткен және жарты сағатқа жалғасқан кездесуде өзара қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптар талқыланды.

Президент Ердоған Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің ЭЫҰ басшылары құрметіне берген қонақасыға қатысты. Түскі қонақасы баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар