Түрік азаматтары Нью-Йоркта ыстық тамақ таратты

Алғыс айту күнінде баспанасыздар мен көшеден өтіп бара жатқан ондаған америкалық ыстық тамақтан дәм татты.

1739069
Түрік азаматтары Нью-Йоркта ыстық тамақ таратты

Ислам қоғамы Ұлттық көзқарас ұйымы құрамында қызмет көрсететін халықаралық көмек ұйымы Хасене қауымдастығының Америка Құрама Штаттарындағы филиалы Алғыс айту күніне орай Нью-Йоркта ыстық тамақ таратты.

Манхаттанде тамақ тарату барысында АҚШ  түрік қауымының мүшелері де ерікті жұмыс істеді.

Алғыс айту күнінде баратын жерлері жоқ баспанасыздар мен көшеден өтіп бара жатқан ондаған америкалық Хасене қауымдастығының ыстық тамағынан дәм татты.

Қауымдастық басшысы Недим Сезгин Америка Құрама Штаттарындағы түрік жақсылық таратушылардың үлесімен биыл тегін ыстық тамақ таратудың екіншісін ұйымдастырғандарын айтты. «Осы акция арқылы Исламның кішіпейілділігін,  шын мағынасын, осы елде өмір сүретін мұсылмандардың істерін түсіндіреміз. Қоғамның бұларды білеуі керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар