Шекарада бір әскер шейіт болды

Ол шекарадан заңсыз өтуге тырысқандарға тосқауыл болды.

1739023
Шекарада бір әскер шейіт болды

Түркиядан Сирияға заңсыз жолдармен кетуге тырысқан кісілерге тоқсауыл болу барысында шекарада бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі заңсыз жолдармен Түркиядан Сирияға кетуге тырысқан күдікті кісілерге тосқауыл болу барысында шекарада міндет атқаратын бір әскердің шейіт болғанын хабарлады.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар шейітке орай көңіл айтты. Ол «Қаһарман қарулас жолдасымыз 26 қараша күні шейіт болды. Қаһарман шейітімізге өз атым және Ұлттық Қорғаныс министрлігі атынан Алладан рақым тілеймін.  Қайғылы отбасы мен асылтекті ұлтымызға да көңіл айтамын, сабыр тілеймін» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар