"Палестинаға қолдауымыз жалғасады"

"Палестина күресіне зиян тигізетін әртүрлі әрекеттен аулақ болуымыз керек" деді.

1738068
"Палестинаға қолдауымыз жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған  Палестина күресін аяғына дейін қолдайтындарын айтты. «Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше ел ретінде Палестина күресіне зиян тигізетін әртүрлі әрекеттен аулақ болуымыз керек» деді.

Президент Ердоған 24-25 қараша күндері Стамбулда болатын Ислам Ынтымақтастық Ұйысы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің жиналысына видео жолдама жіберді.

Ердоған жолдамасында «Израильдің Шығыс Иерусалим және Батыс Шериядағы заңсыз қоныстану, қирату, күштеп көшіру және эвакуация саясатына тоқтау салуымыз керек» деді. «Палестина күресіне аяғына дейін қолдау береміз» деген Ердоған «Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономдық аймағындағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарғдың жағдайын жақыннан бақылап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар