Сойлу мен Вулин Стамбулда бас қосты

Александр Вулин: "Түркия президенті Ердоған мен Сербия президенті Вучичтің тамаша байланысы, диалогі, ынтымақтастығы мен достығы елдеріміз бен аймағымыз үшін өте маңызды" деді.

1737706
Сойлу мен Вулин Стамбулда бас қосты

"Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Сербия Ішкі істер министрі Александр Вулинмен кездесті.

Стамбулда түскі аста қонақтармен бас қосқан Сойлу осындағы сөзінде елдер арасындағы ынтымақтастық ортақ ақыл, динамизм мен қауіпке қарсы ортақ күресуді қажет еткенін айтты.

Сойлу:

"Сербия тұрғысынан Түркия президенті Ердоған мен Сербия президенті Вучич баяндаған шынайы ынтымақтастық аймақ пен төңірегімізде тамаша нәтижелер беруде. Көптеген мәселеге дөп келудеміз. Террор, шекарадан шыққан қылмыстар, есірткі, ұйымдасқан қылмыс топтары, кибер қылмыстармен күрес қатарлы.  Осы салалардағы ынтымақтастығымыз өте кең көлемді" деді.

"Сыла жолы жобасы" арқылы жақсы ынтымақтастық басталғанын айтқан Сойлу:

"Біздің полицияларымыз жазы-қысы сол жерде. Венгрияда да солай. Венгрияда Сербияның ризалығын естідік. Венгрияға 50 полиция жолдаймыз. Әрі есірткі алып қашу, әрі біздің көліктерімізге жақсы қызмет ұсынуды мақсат етудеміз" деді.

Сербия Ішкі істер министрі Александр Вулин:

"Түркия президенті Ердоған мен Сербия президенті Вучичтің тамаша байланысы, диалогі, ынтымақтастығы мен достығы елдеріміз бен аймағымыз үшін өте маңызды. Бұл диалог Балкан үшін тұрақтылықтың негізі болды. Ұрпақтарымыз үшін бейбітшілік пен тұрақтылыққа мұқтажбыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар