Кибер Қауіпсіздік саммиті басталды

Саммитке Фуат Октай қатысты.

1737021
Кибер Қауіпсіздік саммиті басталды

Вице-президент Фуат Октай «Кибер Отанның» шекарасын қорғаудың жердің әрбір сантиметрін қорғаудай маңызды екенін айтты.

Фуат Октай Түркияның киберқауіпсіздік кластері тарапынан биыл екінші рет ұйымдастырған «Ұлттық кибер қауіпсіздік саммитіне» қатысты.

Анкара Сауда палатасының (ATO) Жәрмеңке және конгресс орталығындағы саммитке Фуат Октай, Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир, Президенттік цифрлық трансформация кеңсесінің басшысы Али Таха Коч және көптеген қонақ қатысты.

Ол жаңа түрдегі коронавирус (Ковид-19) індетінің әсерімен өмірдің цифрлық кеңістікке барған сайын ауғанын атап өтті. Октай отандық және ұлттық қалқандарын дамыту үшін және кибер қауіптерге қарсы тұру үшін жоғалтатын бір минуттары да жоқ екенін айтты.

Октай қазіргі таңда технология және деректерге билік құрғандардың деректі цифрлық ортада өндіретін, қолданатын және сақтайтын факторларға да билік құра алатынын баса айтты.

«Бұл жағдай қауіпсіздік түсінігін де өзгертті, енді физикалық қауіпсіздіктің кибер қауіпсіздікпен отандық бағдарламамен, жасанды интеллект арқылы цифрлық өнеркәсіпке байланыстырылуы мәжбүр болды. Кибер отан шекарасын қорғау отан жерінің әрбір қарысын қорғаудай маңызды. Кибер технологияларда көш бастау – ұлттық технология бастамамыздың ең маңызды қадамдарының бірі. Осы бағытта әсіресе соңғы бес жылда маңызды инфрақұрылымдарымызды қорғауымен бірге кибер сапа құрылымына және қауіптерді жылдам анықтап, кедергі болуды қамдайтын «технологиялық шараларға» көңіл аударып отырмыз» деді ол.

Исмаил Демир де бүгінге дейін отандық мүмкіндіктермен жетілдірілген 275-тен астам өнім және 400-ден астам қызметтің ішкі және сыртқы нарықтарға ұсынылғанын білдірді.

Али Таха Коч та цифрлық технологияның өмірді жеңілдеткенін атап көрсетіп,  осы тақырыпта сананың маңызына назар аударды.

Фуат Октай артынан қатысушыларға марапаттарын табыс етті.

Кибер қауіпсіздік аптасына орай іс-шаралар 26 қараша күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар