Түркиядан грек министрге наразылық

Түркия Грекияны парасаттылыққа, адалдыққа және шынайылыққа шақырғанын мәлімдеді.

1736466
Түркиядан грек министрге наразылық

Түркия Грекияны парасаттылық, адалдық және шынайылыққа шақырғанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың 19 қараша күні Түркия туралы жасаған мәлімдемесіне байланысты қойылған сұраққа жазбаша жауап қайтарды.

Танжу Билгич Грекияның Түркияны өз аймағы мен төңірегінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөлін сіңіре алмағанын, әр мәселеде Түркиямен бәсекелесуге тырысып, ынтымақтастықтан гөрі шиеленісті қалайтынын және Түркияға қарсы жасанды одақтар құруға тырысқанын атап көрсетті.

 Билгич «Бір жақтан келіссөз туралы сөз қозғаса, екінші жағынан Түркия туралы күн сайын дұшпандық және арандатушы мәлімдемелер жасап жатқан Грекияны парасаттылық, адалдық және шынайылыққа шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар