Түркия террормен күресте табанды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "PKK YPG-мен бірдей. YPG-нің PKK-мен айырмашылығы жоқ"

1735641
Түркия террормен күресте табанды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 40 жылдан бері Түркияның күшін тауысуға тырысқан террорді түбегейлі жоюға табанды екенін білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Кайсериде Эржиес университеті мәдениет орталығы және Эржиес университеті 2021-2022 оқу жылының ашылу салтанатына қатысты.

Министр Акар бұл жердегі сөзінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирия және Ирактың солтүстігінде жүргізген табысты операцияларының арқасында шекаралардың және халықтың қауіпсіздігін сақтағанын, сондай-ақ оңтүстік шекараларда құрғысы келген террор коридорын тосып, бұған әсте рұқсат бермейтінін айқын көрсеткенін түсіндірді.

Акар Түрік Қарулы Күштерінің шекара тысы операциялар арқылы 1 миллионнан астам сириялықтардың өз еліне аман-есен қайтуын қамтамасыз еткенін білдірді.

Хулуси Акар"Біз тек террор және террористтермен ғана күрес жүргізудеміз. Террорист қай жерде болса нысанамыз сол жерде" деді.

Министр Акар Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрді қамтыған барлық мәселелердің бейбітшілік жолмен шешуді жөн көргендерін айтты.

Акар Әзербайжанның 30 жылдан бері жаулау астындағы атамекені Таулы Қарабахты Армениядан құтқарғанын да атап өтті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар