Түрікше аттестациялық емтиханы 15 қаңтарда өтеді

Емтиханға құжат тапсыру күндері 2021 жылдың 22 қарашасы-17 желтоқсаны деп белгіленді.

1734750
Түрікше аттестациялық емтиханы 15 қаңтарда өтеді

Юнус Эмре институты (YEE) тарапынан түрік тілін шет тілі ретінде үйренгендердің тілдік деңгейін анықтау үшін ұйымдастырылған Түрікше аттестациялық (TYS) емтиханы 15 қаңтарда өтеді.

YEE-нің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, түрік тілі деңгейін растауы қажет кезкелген адам қатыса алатын емтиханға құжат тапсыру күндері 2021 жылдың 22 қарашасы-17 желтоқсаны деп белгіленді.

Үш сессияда (оқу, тыңдау және жазу) өтетін емтихандардың бірінші және екінші сессиялары топтық түрде өткізіледі.

Үшінші сессияда әрбір үміткердің сөйлеу дағдылары жеке бағаланады. Емтиханнан сәтті өткендер жинаған ұпайларына қарай B2, C1, C2 деңгейінде «Түрік тілін меңгеру сертификатын» алуға құқылы болады.

Емтихан шетелдік студенттердің Түркияға қызығушылығын арттыру, түлектердің жұмысқа және білім алуға өтініштерін жеңілдету және білім алуды қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен маңызға ие.

TYS 2013 жылдан бастап халықаралық масштабта жылына 3 рет бір мезгілде жүзеге асырылуда. Түрік тілін меңгеру сертификаты барлар Түркиядағы кезкелген оқу орнында білім алу құқығын алған кезде дайындық сыныбынан босатылады.

Түрік тілін білу сертификаты Түркияда немесе өз елінде халықаралық деңгейде жұмыс істейтін компанияларда жұмыс істегісі келетін, түрік аудармашысы болып жұмыс істегісі келетін немесе шетелде түрік тілін оқытқысы келетін болашақ мұғалімдер үшін жұмысқа өтінімдерде үлкен артықшылық береді.

TYS және құжат тапсыру туралы толық ақпаратты «tys.yee.org.tr» сайтынан табуға болады.



Ұқсас жаңалықтар