Төртінші бұрғы кемесін алдық

Ердоған Түркияның бұрғы флотына төртінші кеменің қосылғанын айтты.

1735130
Төртінші бұрғы кемесін алдық

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның бұрғы флотына төртінші кеменің қосылғанын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған: «Түркия қазір үш терең теңіз бұрғы кемесі және екі сейсмикалық зерттеу кемесімен Жерорта теңізі және Қаратеңіздегі іздеу және бұрғылау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұрғы флотымызға төртінші кемені де қостық.  Оның үстіне бұл кеме басқараларынан өзгеше,  жетінші буын деп аталатын ең заманауи, соңғы технологиямен жабдықталған. Бірінші рет біз қолданамыз, жаңа кеме» деді.

Президент әлемде осы кеме секілді барлығы бес кеме бар екенін айтып: «Бірі – бізде.  Ұзындығы 238 метр, ені 42 метр осы кемеміз арқылы теңіздің 3 665 метр тереңдігіне дейін бұрғы жасай аламыз» деді.  



Ұқсас жаңалықтар