Түркия Буркина-Фасодағы шабуылды айыптады

Түркия Буркина-Фасода 32 адам қаза тапқан лаңкестік шабуылды айыртады.

1734491
Түркия Буркина-Фасодағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Буркина-Фасоданың Сахел аймағында 14 қарашада ұйымдастырылған лаңкестік шабуылда 28 жандармерия қызметкері және 4 адамның қаза тапқаны, көптеген адамның жарақат алғаны хабарына қатты қайғырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде "Осы опасыз террорлық шабуылды айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандардың отбасына, дос және бауырлас Буркина-Фасо халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп жазылды.

 



Ұқсас жаңалықтар