Сыртқы істер министрі Ливанда

Ливан президенті Аун Twitter есебінен хабарламасында министр Чавушоғлумен кездескенін айтты.

1734696
Сыртқы істер министрі Ливанда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми байланыстармен Ливанға барып,  Бейрутта президент Мишель Аун тарапынан қабылданды.

Ливан президенті Аун Twitter есебінен хабарламасында министр Чавушоғлумен кездескенін айтты.

Аунмен кездесуінен кейін журналистерге қысқа мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Құрметті президентпен Түркия және Ливан қарым-қатынастарын қалай жетілдіретінімізді талқыладық.  Жаңа үкіметтің құрылуына орай құттықтадым.  Айырықша 22 қараша күні Ливанның Ұлттық мерекесіне орай қазірден құттықтаймын» деді.

Министр Чавушоғлу артынан Ливан Мәжіліс төрағасы Неби Бери тарапынан қабылданды.  Министр Ливандағы байланыстары шеңберінде айырықша премьер-министр Неджиб Микати және сыртқы істер министрі Абдаллах Бухабибпен бас қосатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар