Хулуси Акар Моңғолия Қорғаныс министрін күтіп алды

Хулуси Акар Сайханбаяр Гүрседті Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

1734253
Хулуси Акар Моңғолия Қорғаныс министрін күтіп алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Моңғолия Қорғаныс министрі Сайханбаяр Гүрседпен кездесті.

Хулуси Акар Түркия-Моңғолия Аралас Экономикалық комиссия жиналысы үшін Түркияға келген Сайханбаяр Гүрседті Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

Екі министр оңаша кездесуден кейін делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық етті.

Кездесуде Хулуси Акар Түркия мен Моңғолия арасында күшті тарихи және мәдени байланыстар бар екенін, әскери білім беру мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты бекемдеу керектігін, ФЕТО террор ұйымымен күресте ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап айтты.

Кездесу соңында Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Моңғолия Қорғаныс министрі Сайханбаяр Гүрсед тарапынан екі ел арасында Әскери, тарихи, мұрағат,  Мұражайтану және кеңейту салаларындағы ынтымақтастық туралы өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар