Хаккариде террористерге қарсы қысқы операция басталды

Ішкі істер министрлігі «Ерен Қыс» операцияларының жалғасып жатқанын білдірді.

1734537
Хаккариде террористерге қарсы қысқы операция басталды

Хаккариде 1240 қызметкермен қысқа аты «Ерен Қыс-4», Шейіт жандармерия Ибрахим Догу Казан сайы- Хан жайлауы операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігі хабарлама жариялап,  ел көлемінде террордың толығымен жойылуына бағытталған «Ерен Қыс» операцияларының жалғасып жатқанын білдірді.

Сепаратистік террорлық ұйым PKK-ны жою және аймақта тығылып жатқан террористерді залалсыздандыру мақсатымен басталған операцияда жандармерия арнайы жасақтары,  Полиция арнайы жасақтары мен Қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 1240 қызметкер міндет атқаруда.



Ұқсас жаңалықтар