«Эрен қыс» әскери операциялары басталды
Ішкі істер министрлігі операцияға барлығы 2 мың 103 әскери қызметкердің қатысқанын білдірді.
1734113
Диярбакыр мен Бингөлде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы қысқаша «Эрен қыс» деп аталатын «шейіт жандармерия майоры Эрджан Курт Лидже-Сағгөзе» операциясы басталды.
Ішкі істер министрлігі мәлімдемесіне қарағанда операцияға Диярбакыр Жандармерия аймақтық қолбасшылығы құрамындағы 134 операциялық қызмет тобында барлығы 2 мың 103 әскери қызметкер қатысады.
Мәлімдемеде ел көлемінде террорды толығымен жоюға бағытталған «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен сенімді және табанды түрде сәтті жалғасқаны баса айтылды.